Жыл қорытындысы: Техникалық мамандықтарға 143 мың грант бөлінді
Биыл техникалық және кәсіптік мамандықтарға 143 мың грант бөлінді. 800 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Оның жартысынан көбі жастар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялады. Сала мамандарына мемлекеттен қандай қолдау көрсетіліп жатыр? Самал Қабышева толығырақ.
Самал Қабышева, тілші:
Биыл техникалық және кәсіптік мамандықтарға қолдау ерекше артты. 143 мың грант бөлінді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға көп. Студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға өсті. Биылдан бастап олар 43 мың теңгеден шәкіртақы алуда. 552 колледжге дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Дуальды оқыту жүйесі дегенміз – студенттер кәсіпорынға барады. Білімдерін практикалық тұрғыда ғана емес, теориялық бағытта да шыңдайды. 100 мыңнан аса студент осындай мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарды. Техникалық және кәсіптік мамандықтарда білім алып жатқан студенттер Францияда топ жарды. Олар «WoldSkiils» деп аталатын халықаралық додада тұңғыш рет 7 медальон жеңіп алды. Бұл додаға 69 елден 1500 студент қатысты.
Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары:
2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Ел Президенті осыған орай барлық жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды тпасырды. WorldSkills стандарттарын енгізуде, еліміздің экономикасына жақсы мамандар даярлауға аталмыш қозғалыстың рөлі зор. Балаларымыз жарыста 7 медальон алды.
Самал Қабышева, тілші:
2024 жылы 3,5 мыңнан аса жас маман қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. 17 мыңға жуық адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренді. 3,5 мыңы грант алды. Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында еңбек қатынастарына бақылауды күшейту үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитет құрылды. Мақсат - лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33