«ЭКСПО» көрмесі - шетелдік инвесторлар мен туристерді тартудың таптырмас алаңы. Бүгін халықаралық шара аясында Грузиядан келген бір топ делегация Тбилиси қаласының туризм саласымен таныстырды. Шарада Грузия астанасы туралы құнды мәліметтер айтылып, қала экономикасы, әлеуеті мен ондағы «жасыл» жобалар таныстырылды. Кездесуге жергілікті кәсіпкерлер қатысып, «жасыл технологиялар» жобаларына қаржы құюды қарастырды.
Айта кетейік, биыл қазақстандық туристер ең көп Грузия мемлекетіне саяхаттаған екен. Олардың көбі Ақтаудан Тбилисиге сапарлаған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ