Велосипед туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велосипед туралы қызықты деректер

08.02.2016
Велосипед туралы қызықты деректер

Ал, велосипедтің прототипін 1818 жылы неміс бароны Карл фон Дрез құрастырған. Алайда, бұл механизмнің педалі болмаған. Қозғалу үшін аяқпен итеруді қажет етеді.

Ал, 1839-40 жылы өнертабыс жетілдірілді. Шотландиялық ұста Киркпатрик Макмиллан оған педаль жалғайды.

Ағылшын инженері Р.Томпсон велосипедтің үрілмелі шинасын патенттеді.

Томас Стивенс тұңғыш рет әлемді велосипедпен саяхаттаған. Айта кетейік, Қазақ радиосының ардагері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Темірхан Момбекұлы да Қазақстанның біраз бөлігін вилесипедпен саяхаттаған.

Қазіргі заманғы тауға шығуға арналған велосипедтердің прототипі 1977 жылы жасалған.

Әлемдегі ең қымбат велосипедтерді Aurumania фирмасы шығарады. Олар 24 каратты алтынмен қапталып, 600 кристаллды тастармен көмкерілген велосипедттерді сатады. Бағасы – 100 мың АҚШ доллары.

Хабарламаларға жазылу