Республика бойынша 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында келесі жылдың соңына дейін 217 мектеп пайдалануға беріледі. Қазір ел бойынша 36 білім ошағының құрылысы аяқталып, жұмысын бастады. Жоба еліміздің барлық өңірін қамтиды. Салынатын мектеп саны бойынша Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент қаласы көш бастап тұр.
Мәулен Айманбетов, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы:
Биыл біз 100-110 мектеп саламыз. Ал қалғандары келесі жылы аяқталады. Міне, соның бірі – мына тұрған №97 мектеп. Бұл жерде бұрын апатты мектеп болған. Жоба арқылы елдегі осындай апатты мектептерді және үш ауысымда оқытуды жою жоспарланған
«Жайлы мектеп» жобасы жарты млн-ға жуық оқушыны қамтиды. Мектептер толықтай заманауи үлгіде салынған. Мысалы, мектеп аулаларындағы спорттық алаңдарда аудандық, облыстық, тіпті республикалық жарыстарды өткізе беруге болады. Бастысы техникалық жабдықталуы халықаралық стандартқа сай. Әдеттегі мектептерден үш-төрт есе жоғары. Бұдан бөлек, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейнекамералар мен Face ID жүйесі орнатылған. Инклюзивті білім беру кабинеттері де бар.
Гүлнар Тәжібаева, №97 мектеп директоры:
Біздің оқушылар мектепке де асханаға да дәл осындай турникет арқылы кіреді және мұнымен төлем жасай алады. Мысалы, балалар асханаға келгенде алақандарын сканерлейді және бұл жерден олар туралы ақпарат шығады. Ата-аналар қосымша арқылы баласының мектепте немесе асханада екенін көре алады. Мына экраннан оқушылар, сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар мен қонақтар да сабақ кестесін көріп, мектеп тарихымен таныса алады. Қай сабақ өтіп жатқанын, баланың қай жерде екенін көре алады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03