Басты Жаңалықтар Заң саласында жасанды интеллектіні қолдану үшін құқықтық негіздерді құру керек.

Заң саласында жасанды интеллектіні қолдану үшін құқықтық негіздерді құру керек.

Заң саласында жасанды интеллектіні қолдану үшін құқықтық негіздерді құру керек. Ол жасанды зиятты оңтайлы енгізу үшін маңызды.  Бұл туралы Парламентаризм институты өткізген жиында айтылды.

Бас қосқандар құқықтық салада цифрлық технологияларды енгізу перспективалары мен шектеулерін талқылады. Кездесу соңында цифрлық технологиялармен жұмыс істеу үшін кадрларды даярлау, қоғамдық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу сынды бірқатар ұсыным мақұлданды.

Меруерт Қабылбаева, Парламентаризм институты НҚА мониторингі және халықаралық тәжірибе орталығының бастығы:

Бұл автоматтық жүйе барлық дереккөзден, жаңа айттым ғой, комментарий, әлеуметтік желі, мемлекеттік органдардың есептері, статистикалық есептер, соның барлығынан осы автоматтық жүйе өзі жинап бізге алып береді. Сонда бұл жерде кеңінен қарау, ештеңені жіберіп алмау сияқты мәселелерге көп көмегін тигізеді. 

Темірлан Нұрсолтанов

Бөлісу