Биылғы қаңтар-қараша айларында еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,4 пайызға өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. Оның сөзінше бұл нәтиже мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен іске асты. Ал, қара алтын игерудің болжамды көрсеткіші орындалмаған. Осылайша ол жалпы қарқынға әсер еткен. Үкімет басшысы негізгі капиталға салынған инвестиция 3,1 пайызға көбейгенін айтты.
Сонымен қатар Президентке іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспары таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.