Елордада ақиық ақын Несіпбек Айтұлын еске алуға арналған бильярдтан республикалық турнир өтті. Жарысқа қатысушылардың саны 40-қа жуықтады. Олардың қатарында Жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері бар. Турнир аясында ақынның екі өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Бірі – белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған. Екінші жинақта өмірінің соңғы күндерінде жазғандары топтастырылыпты. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алтынбек Нұхұлы, «Сәтбаев халықаралық қоры» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы:
Несағаның дүниеден өткеніне 1 жылдан асты. Алайда ол кісінің соңында қалдырған еңбектері мәңгі өшпес дүние болып қалды. Себебі ол кісі 41 поэма жазған кісі. Соның бірі Қаныш Сәтбаевқа арналған поэма.
Аида Ахметбек