Бүгін белгілі журналист, мәдениет қайраткері Жұмабек Кенжалин 63 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Жұмабек Омарұлы саналы ғұмырында қазақ руханиятына аянбай тер төгіп, еңбек еткен азамат. 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін алғашқы еңбек жолын бұрынғы «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастап, 2007 жылға дейін көптеген ірі басылымның бас редакторы болған. Ал, 2007 жылдан бүгінге дейін «Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқарды. Оның бірнеше кітабы жарық көрген. Жұмабек Кенжалинмен қоштасу рәсімі ертең сағат 10:00-де Алматыдағы Қазақстан жазушылар одағы ғимаратында өтеді.
Алмат ӘБДІРАМАН