Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті

04.04.2024

Қазақ журналистикасы қара жамылды. Белгілі журналист, Мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол ақпарат саласындағы еңбек жолын Алматы телестудиясында бастап, Қазақ теледидары бағдарламаларының бас редакторы болды. 1986 жылы телерадио хабарларын тарату комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Егемендіктің алғашқы жылдары мемлекетаралық «Мир» компаниясының құрылуына атсалысып, он жылдай оған жетекшілік етті. Бірнеше жыл "Қазақпарат" агенттігін басқарып, мәжіліс депутаты да болған.

Ласкер Сейітов - Қазақ телевизиясының ардагері

Ғаділбек Мінәжұлы тұлға еді. Бұл қазақтың идеология саласындағы орны толмас қаза. Жайдары адам еді. Мәдениетті еді. Кабинетіне кірген кезде адамды сыпайы, ренжітпей шығарып салатын қасиеті болатын. 

Телевизия майталманы 300-ден астам ғылыми-публицистикалық мақаланың авторы. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі де болған. Кейінгі жылдары Астанадағы Еуразия университетінің кафедра меңгерушісі болып істеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу