Қазақстанның әскери-әуе күштері А-400М әскери-көліктік ұшағымен толықты.
Жаңа техника 37 тонна жүкті тасымалдауға қабілетті. Ең жоғары жылдамдығы – сағатына 802 шақырым. Сондай-ақ 12.200 метр биіктікке көтеріле алады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов - мұндай заманауи, ұтқыр, жоғары технология ел қорғанысын нығайтатып қана қоймай, гуманитарлық операциялар шеңберіндегі тапсырмаларды орындауда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, министр Airbus Military компаниясының өкілдеріне Испанияның Севилья қаласындағы авиациялық даярлық орталығында отандық мамандарды оқытуға белсенді атсалысқаны үшіне алғысын білдірді. Еске салайық, Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық 2013 жылы жолға қойылған болатын.
Ернұр Медет