Елордада отын-энергетика саласын дамыту қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада отын-энергетика саласын дамыту қаралды

04.12.2024

Елдегі отын-энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері бүгін Астанада өткен Kazenergy қауымдастығы кеңесінің отырысында қаралды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Сондай-ақ жиында биыл атқарылған іс бойынша есеп беріліп, жұмыс қорытындылары шығарылды.

Жандос Нұрмағанбетов, Kazenergy қауымдастығының бас директоры:

Биыл 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп жатырмыз. Келесі 2025 жылға қойып жатқан талаптар туралы ақпарат беріп жатырмыз. Көптеген іс атқарылып жатыр, заңдық өзгерістер, жаңадан мұнай кен орындары ашылып жатыр. Соның бәріне есеп беріп, келесі жылдың жоспарларын талдауымыз керек. 


Хабарламаларға жазылу