Мәскеуде Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағы жарық көрді. 1 мың данамен шыққан басылым қазақ ақыны, ойшылы туралы барынша тың деректерді қамтыған. Сонымен қатар, үздік туындылары аударылған. «Абай мұрасының ізбасары ретінде ұлы философтың кітабын аудару, жазу парызымыз», - дейді жергілікті жазушылар. Мамандардың айтуынша, ойшыл ғұламаның еңбектерінен қазіргі заманның көптеген сұрақтарына жауап табуға болады. Сондықтан шығармалары өзге тілдерге де аударылады. Алдағы уақытта тек Мәскеу тұрғындары емес, Ресейдің өзге де өңірлері Шәкәрім мұрасымен таныса алады.
Георгий Пряхин, «Художественная литература» баспасының өкілі:
Бұл кітап туралы ой бұрын туған. Біздің баспа Қазақстанмен бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Осыған дейін қазақтың ғұламасы Абай туралы кітап шығарған едік. Баспада таусылса да, Ресейде әлі күнге дейін түрлі интернет сайттардан іздеп, сатып алатындар көп. Яғни қазақтың Абайына деген қызығушылық жоғары және Ресей азаматтарын қатты қызықтырады. Сондықтан Шәкәрім туралы кітап шығару ойымызға келді.
Индира Бегайдар