Теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етті

02.12.2024

Теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етті. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. Министрдің сөзінше, ұлттық валютамыздың құнсыздануына соңғы айларда доллар индексінің жаһандық нығаюы себеп болған. Сондай-ақ әлемдік мұнай бағасының төмендеуі және Ресей рублінің әлсіреуі әсерін тигізген. Өйткені ірегелес ел біздің негізгі сауда серіктесіміз, - деді Нұрлан Байбазаров. Айта кету керек, АҚШ доларының бағамы қазір 500 теңгеден асып кетті. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу