Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашқанына биыл 160 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашқанына биыл 160 жыл толды

01.12.2024

Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашқанына биыл 160 жыл екенін еске салатын материал дайындадық.

«...Көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», – деп жазған профессор Н.Ильминскийге жолдаған хатында. Біздің орта білім саласында болмысы Алтынсариндей ұстаз көп пе, аз ба?..

Бағдарлама басында бізді мықты қылатын білім мен ғылым жолы екенін айттық. Бұл жолға дүние есігін ашқан күні осы аптаға сәйкес келген Міржақып Дулат та үндеді. Алаш идеясын үзген сәбет өкіметін жек көреміз. Ол тарих қойнауына кеткендей жүрдік. Алайда олай емес екенін байқамайтын біз емес.

Ыбырай ашқан мектептің символдық мәні зор. Бізге өте прагматик болу керек. Бағана да айтқандай, бүкіл жағдайға жымиып қойып, мүмкін кейде жымию артық шығар, дегенмен асыл мұратымыздың жолында тынбай қызмет қылуымыз қажет.

Бізге өлшенген уақыттың тапсырмасы осы. Орындай алмасақ не болатынын айтуға ауыз бармайды.

Амангелді Сейітханның тарихи шегініс жасап айтқысы келген ойы - «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек».


Хабарламаларға жазылу