Алматыда Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғылымға арналған ғұмыр» атты көрме ашылды. Шараны ғалымның мемориалды музейі мен Сәтбаев университетінің тарихи мұражайы бірлесіп ұйымдастырған. Мұнда академиктің жеке заттары, геология және металлогения саласындағы зерттеу құжаттары мен фотосуреттері, жалпы саны 100-ге жуық экспонат қойылған. Келушілер жерасты қазба байлықтарын зерттеп, тау-кен ісін дамытуға үлес қосқан тұлғаның еңбек жолымен жақынырақ таныса алады. Танымдық көрме 18 желтоқсанға дейін жалғасады.
Кәмшат Жиеналиева, Алматы музейінің жетекшісі:
Бұл көрменің мақсаты – осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу. Осы жас ұрпаққа осы кісінің біз үшін жасаған істерін көрсету және осы жас ұрпақты сапалы білім алуға, ғылымды зерделеуге шабыттандыру.
Ернұр Медет