Қаныш Сәтбаевқа -125 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаныш Сәтбаевқа -125 жыл

11.04.2024

Ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, Алматыда халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті. Оған геология, тау кен ісі саласына сүбелі үлес қосқан академик-ғалымдар, профессорлар, Сәтбаевтың ізбасарлары мен туыстары қатысты. Жиналғандар алдымен академиктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиын өтіп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, әлемдік стандарттарға сай, табиғи минералдардың химиялық элементтік құрамын анықтайтын зертхана ашылды.

Бағдаулет Кенжалин, профессор, техника ғылымдарының докторы:

Бүкіл қазақ даласындағы пайдалы қазбаларды келекшекке тауып, өндіруге соған жолын салып кетті. Қазіргі біздің тауып жатқан металлдарымыз, геологиялық тауып жатқан пайдалы қазбаларымыздың бәрі сол кісінің сара жолының ізімен келе жатқан. Металлургия саласында осылар бастаушы болу керек деп айтып кеткен.

Ержан Көлдеев, Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТУ Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор:

Мысал біз көп нәрсені шетелге қарай жібереміз. оны талқылау, лабороториялық өңдеу. Енді оны шетелге жібермей, осы инженерлік хабпен, технологиялық хабта біз соны өзіміз зерттеп, ақшаның бәрі өзімізде қалатын болады. Біз шетелдегі ғалымдарды Қазақстан ғалымдарымен бірге жұмыс істеп отырып оның болашағын айтатын боламыз. Қазіргі таңда кешегі металлоргия институтымен бірге селенді қазақмыс металлургиясына енгізіп отырмыз.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу