Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне қол қоюға шығарылатын құжаттардың жобалары мақұлданды. Олардың қатарында Кеңестің декларациясы мен II дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары бар. Құжаттар ұйымның Сыртқы істер министрлері мен Қорғаныс министрлері кеңестерінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысында қабылданды.
Шараға Қазақстан Премьер-министрі орынбасары мен басқа да министрлік өкілдері қатысты. Жиын барысында ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси ахуал мен ұйымның сессияаралық кезеңдегі қызметі талқыланды. Одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту туралы шешімнің жобасы мақұлданды. Сондай-ақ қатысушылар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясы күн тәртібінің жобасын келісті.
Темірлан Нұрсолтан