Сенат төрағасы: Қазақстан дінаралық диалогты дәріптеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы: Қазақстан дінаралық диалогты дәріптеп келеді

27.11.2024

Қазақстан халықаралық деңгейде дінаралық диалогты белсенді дәріптеп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық конференциясында сөз сөйлеген Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы – Мәулен Әшімбаев осылай деді. Оған дәдел ретінде елде мешіттер, православие, католик, синагогалар, бахаи ғибадат үйі және Будда храмдары сияқты 4000-ға жуық діни нысан қызмет көрсетінін жеткізді. Қазақстанда 100-ден астам этникалық топ тұрады және 18 конфессияның 4000-ға жуық діни бірлестігі бар. Олар айрықша ұлттық және өркениеттік кодты сақтауға ықпал етеді деген жоғарғы палата төрағасы, БҰҰ Өркениеттер альянсының және Португалия Үкіметінің бастамасымен өтіп жатқан Жаһандық форумның күн тәртібі қазіргі сын-қатерлер аясында ерекше мәнге ие екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы:

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының конфессияаралық диалогқа ықпал ету, діни рәміздерді қорлауды айыптау туралы қарарын және БҰҰ-ның 2023 жылғы Діни нысандарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын қолдайды. Біздің еліміз аталған маңызды құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысты. Халықаралық қауымдастық онда көрсетілген қағидаттарды ұстануы керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы мәселеге үнемі баса мән беріп келеді. 


Хабарламаларға жазылу