Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендер саны 7 адамға жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін 6 жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенін айтқан. 80 жастағы науқастың қабырғалары мен білегі сынып, қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, - дейді дәрігерлер. 5 адам қажетті тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген. Тағы 1 науқас қалалық көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр. Полицияның мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі бірнеше жол жүру ережесін өрескел бұзған. Қазір сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бүгін Алматыда тал түсте Гоголь мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында тепловоз бен 88-бағыттағы автобус соқтығысып, қоғамдық көлік ішіндегі 7 жолаушы зардап шекті.
Гүлнәр Сүйінбаева, куәгер:
Пойыз келе жатты жүргізуші оны өткізген жоқ жүре берді. Пойыз тоқтай алмады. Мен мынау есіктің қасында отырдым. Тепловоз келе жатқан соң орнымнан тұрдым, ол соғылған кезде мен жерге құладым. Адамның бәрі менің үстіме құлады.
Қуан Нұрақын
