Шымкентте екі студентті соққыға жыққан колледж директоры орынбасарының үстінен полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп, уәждер тексерілуде.
Сондай-ақ білім ордасының басшылығы да мән-жайды анықтау үшін ішкі тексеру жұмысын бастады. Жанжалға студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі себеп болған. Шәкірттердің айтуынша осыған ызаланаған директордың орынбасары оларды жертөлеге кіргізіп, аяусыз соққыға жыққан. Оған жоғары курс суденттері мен денешынықтыру пәні мұғалімдері де куә болған.
Константин Зорин, колледждің 2 курс студенті:
Қазыбек ағайдың өзі бастап ұрды. Бетімізден, денемізден соққылады. Тіпті құлаған кезде аяқпен де тепкіледі. Бұл кезде жоғары курс студенттері бізге қарап тұрды. Ал денешынықтыру пәні мұғалімдерінің біразы бізді шапалақпен ұрып шықты.
Колледж директорының орынбасары бұл айтылғанның бәрін жоққа шығарды. Айтуынша бұл студенттер білім ордасында бұзақы әрекеттерімен танылған. Өздерімен бірге ылғи адамды азаптап ұрып соғатын түрлі заттар алып жүреді. Осындай тірліктері үшін былтыр полиция шақыртуымызға мәжбүр болдық. Шәкірттер осы жәйтті кешіре алмағандықтан маған осындай жала жауып отыр деп ақталды.
Қазыбек Ержанов, «Парасат» колледжі директорының орынбасары:
Жоқ, мен ұрған жоқпын. Мен ойлаймын, былтырғы жылдан бері тіс қайрап жүр. Неге? Жаңағы көрсеткен суреттер бойынша электрошоккер, ваталарын қолданып, есінде мені сақтап қалған. Шындығы сол.
Ұстазынан таяқ жеген екі студенттің бірі қазір ауруханада жатыр. Оған миы шайқалған және түрлі дене жарақатын алды деген диагноз қойылған.
Ғани Қалмаханов