Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған делегация Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған делегация Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты

25.11.2024

Ал, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Мемлекеттік кеңесші бастаған делегация Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты. Ерлан Қарин Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі, Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.

Тараптар екі елде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыстың негізгі бағыттарымен танысты. Сондай-ақ екі елдің талдау орталықтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған жұмыс сессиясына қатысты. Әрі Қазақстанда өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, Мемлекеттік кеңесші Қытай Халық университетінің профессорлық-оқытушылық ұжымына және студенттеріне дәріс оқыды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу