Теміржол компанияларына аудит жүргізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол компанияларына аудит жүргізу керек

25.11.2024

Теміржолдағы билет тапшылығын жойып, вагондардағы санитарлық тазалықты жақсарту үшін тасымалдаушы компанияларға аудит жүргізу керек. Жолаушы тасымалының өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте, «Антикор» осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ жиында жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген заңбұзушылықтар, билет тапшылығы мен пойыздардың тұрақты кешігуі мәселесі де көтерілді. Отырыс соңында агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, бақылауды күшейту, тасымалдаушы компанияларға аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін қайта қарайтын болды. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу