Төтенше жағдайлар мен Экология министрліктеріне қаржылық аудит жүргізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар мен Экология министрліктеріне қаржылық аудит жүргізілуі мүмкін

15.06.2023

Төтенше жағдайлар мен Экология министрліктеріне қосымша қаржылық аудит жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы айтты. Наталья Годунованың сөзінше екі ведомствоға аудит жүргізу мәселесі жақында тағы бір талқыға салынып, шешім шығарылмақ. Десе де, Қостанай мен Абай облысындағы өртке Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің дайын болмағанын ескерсек, қосымша аудит жүргізілуі тиіс деді. Жоғары аудиторлық палата осы арқылы бюджеттен бөлінген миллиардтардың қалай жұмсалғанын анықтамақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу