Гонконг соты ондаған демократия белсендісін бірнеше жылға соттады. Бас-аяғы 47 адамға айып тағылған. Олардың лидерлері 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кейбіреулері өмір-бақи түрмеге жабылуы мүмкін.
Гонконгта 2019-шы жылы демократияны талап еткен ауқымды шерулер өтіп, оған жүздеген мың адам қатысты. Кейіннен прокурорлар сол шерушілердің жетекшлерін жалған сайлау жоспарлады, үкіметтің жұмысын тұралатпақ болды, диверсия ойластырды деген кінә таққан.
Арыстан Рысбек