АҚШ-та Гонконг туралы заң қабылданды

20.11.2019

АҚШ сенаты Гонконгта демократияны қорғау туралы заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. Енді бұл құжат Конгресстің өкілдер палатасында талқыланып, дауысқа салынуы тиіс. Егер соның нәтижесінде ол заңға айналатын болса, Гонконгта адам құқығын бұзды деген шенеуніктер жазаға тартылады. Сонымен қатар, сенат Гонконг полицейлеріне америкалық заттарды экспорттауға тыйым салатын жобаны да қолдады.

Қытай сыртқы істер министрлігі Вашингтонды қатаң айыптап, мәлімдеме таратты. Оған жүгінсек, Америка Гонконг пен Қытайдың ішкі істеріне араласып, нақты фактілер мен сенімге салғырт қарап, қос стандарт ұстанып отыр. 

Айта кетсек, Гонконгта билікке қарсы акциялар жарты жыл бұрын басталды. Қазір демонстранттар отаршылдық дәуірде қалыптасқан саяси еркіндік пен әлеуметтік жүйеге коммунистік Қытайдың араласуын тоқтатуды талап етіп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу