Бүгін Астанада «Worldskills Kazakhstan 2024» чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Бұл жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, кадрларға қолайлы жағдай жасауға негізделген шара. Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 550-ден аса студент 30 бағыт бойынша қатысқан. Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, жеңіске жеткен 108 үздік қатысушы марапатталды. Ал, командалық есепте Астана қаласы көш бастап, Абай облысы - екінші, Алматы қаласы студенттері үшінші орынды иеленді. WorldSkills халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқан жоба. Оған Қазақстан 2014 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгін жеңіске жеткен студенттер келесі жылы Данияда өтетін байқауда ел намысын қорғамақ. Жалпы, 2025 жылы жұмысшы мамандықтарын қолдау үшін бірқатар жоспар түзіліп отыр.
Әсет Мұханбетов, ҚР Оқу-ағарту министрлігітехникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры:
Жастарды осы біздің кадр жетіспеушілігіне байланысты, әртүрлі салаларға, жұмысшы мамандықтарға дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Оған қоса жұмыс берушілер өздерінің мамандарына, оның ішінде жас мамандарға қолайлы еңбек орнын қамтамасыз етіп, жалақы төлейтіндей екі мақсатты қолданып отырмыз.
Азамат Бейбітұлы