Шығыстағы таулы аудандарда қар көшкіні қаупі бар. Соңғы 2 аптада кейбір аумақтарда қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп қалды. Ауа райын болжау орталығының мамандары алдағы тәуліктерде күн райы жылынатынын хабарлады. Ондай кезде әлі толық басылып, қатпаған қар бірден сырғуы мүмкін.
Бұл әсіресе тау арасындағы бұралаңы көп жолдарда қауіпті. Көшкін жүруі мүмкін 20 бағыт белгіленіп, ол аумақтарды мамандар күнделікті бақылап отыр. Әсіресе Өскемен – Таулы Үлбі, Өскемен – Алтай, Өскемен – Самар бағыты ерекше назарда . Жалпы елімізде қар көшкіні қауіп төндіретін 800 дей аумақтың 500-ге жуығы шығыста.
Олжас Керейхан