Филиппин аралдарының солтүстігне "Ман-и" тайфуны соққы берді. Салдарынан жүздеген мың адам үйлерін тастап кеткен. Жауындатқан дүлей дауыл аймаққа сағатына 195 шақырым жылдамдықпен жетіпті. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетсек, бұл - Филиппинді соңғы бір айда әбігерге салған алтыншы тайфун. Қазанның соңында мұнда алапат циклоннан 160 адам мерт болып, 9 миллиондайы тұрғын зардап шеккен еді.
Арыстан Рысбек