Перизат Қайратқа тағы бір айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перизат Қайратқа тағы бір айып тағылды

16.11.2024

Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір айып тағылды. Танымал блогер 1,5 млрд теңгеден бөлек, палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған қаржыдан 200 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Перизат Қайрат Таяу Шығыстағы зардап шеккен тұрғындар үшін былтыр қарашада қаражат жинаған. Осы ақшаға «Sensata Plaza» элиталық кешенінен құны 49 млн теңге болатын үш бөлмелі пәтер мен 30 млн-ға «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлік сатып алған.

Сондай-ақ, қымбат брендтік зергерлік бұйымдар мен киімдер алды деген айып тағылды. Күдікті 2 айға қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу