Семейде киберқылмыспен күрес орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде киберқылмыспен күрес орталығы ашылды

15.11.2024

Семейде киберорталық ашылды. Онда интернет алаяқтық, хакерлік шабуылдар, жеке мәліметтердің ұрлануы сияқты қылмыстарға қарсы күрес жүргізілмек. Заманауи бағдарламалар, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған бөлімде 25 білікті маман жұмыс істейді. Абай облысында биыл 600-ге жуық ғаламтор арқылы жасалған алаяқтық фактілері тіркелген. 75 іс сотқа жолданған. Ашылмай жатқандары қаншама. Полицейлер енді киберорталықтың жұмысы нәтижесінде интернет арқылы жасалатын қылмыстарға тосқауыл боламыз деген сенімде.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу