Отырғызылған ағаштардың саны қаңтарда белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отырғызылған ағаштардың саны қаңтарда белгілі болады

14.11.2024

Республикамыздағы орман қорының жалпы аумағы 31 млн гектарға жуық, ал орманды алқаптың үлесі 5% ғана. Бұл тым аз көрсеткіш. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 2 млрд түп ағаш отырғызуға тапсырма берген. Қазір осы бағытта орманды қалпына келтіру және орман өсіру бойынша кешенді жоспарлар қайта бекітіліп, жұмысты 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта орман екпелерінің инвентаризациясы жүргізіліп, алынған деректер талдануда.

Азамат Әбуов, Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда инвентаризация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің министрдің тапсырмасы бойынша 2 млрд ағашты егу, сапасын тексеру бойынша комиссия құрылып, тексерулер жүргізілген болатын бірқатар өңірлерде. Қазіргі таңда 6 облыспен осы жұмыс аяқталды. Бірақ кейбір өңірлерде сапасы мен шығымдылық мәселесі бойынша сұрақтар бар.


Хабарламаларға жазылу