Ал біздегі миллиондаған табысы бар блогерлер, тиісті органдардың бақылауында ма? Бұл сұраққа бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Біз сондай-ақ қаржы пирамидаларын құруға қатысты бірқатар проблема көріп отырмыз, сондықтан біздің азаматтарға қауіп төндіретін барлық нәрселер де біздің тиісті органдардың бақылауында. Олар реттейді және бақылайды. Мұнда қазірдің өзін де белсенді күрес жүріп жатыр.
Бұған дейін Қаржы министрлігі 750-ге жуық блогердің табысын тексерген. Нәтижесінде 162 адамның кірісі мен шығысында 1,1 миллиард теңге айырмашылық бар екені анықталды.
Айя Мүтәлі