Табысы төмендер үшін қолжетімді тұрғын үйлер салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысы төмендер үшін қолжетімді тұрғын үйлер салынады

27.02.2014
Табысы төмендер үшін қолжетімді тұрғын үйлер салынады
 
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев селекторлық режимде кеңес өткізді. Жиында «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жайы мен перспективалары туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы парламенттік тыңдаулар қорытындысы бойынша берілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұсынысын орындау жөніндегі мәселелер қаралды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Кеңес жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты.
 
«Тұтастай алғанда, тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша саясат халық үшін тұрғын үйлердің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталатын болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.
 
Өңірлік даму вице-министрі С.Нокин: «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде табысы төмен азаматтар үшін эконом санатты шағын үйлер салу мен пайдалану туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қаржылық құрал сипатында халыққа тұрғын үй жинақ жүйесі немесе одан әрі сатып алу құқығы бар ұзақ мерзімдік жалға алу арқылы мүмкіндік берілетінін айтты.
 
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары тиісті  мемлекеттік органдарға және облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу