Шымкентте халықаралық театр фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте халықаралық театр фестивалі аяқталды

12.11.2024

Шымкентте бір аптаға созылған халықаралық театр фестивалі аяқталды. Оған түркі тілдес мемлекеттердің 10 театры қатысып, әртістер өздерінің ең үздік деген қойылымын көрерменге ұсынды. Жұмат Шанин және Михаил Лермонтов атындағы өнер ордасының сахнасында қойылған әрбір спектаклді мегаполис жұртшылығы айырықша ықыласпен тамашалады. Әрбір қойылым аншлагпен өтті. Фестиваль аясында театр мамандарының шығармашылық әлеуетін жақсарту үшін шеберлік сабақтары да өткізіледі. Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен Өзбекстан Республикасы Самарқанд облыстық музыкалық драма театрының «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі фестивалдің ең үздік шығармасы деп танылды.

Сарсенбек Шейшенов, Қырғыз мемлекеттік «Учур» жастар театрының директоры:

Фестиваль әр жолы түркі тілдес елдердің театрларына үлкен шығармашылық, рухани серпіліс әкелетін басқсоуға айналды. Театарымыз өнер сайысына осымен үшінші рет қатысып отыр. Қойылымдағы режиссерлік жұмысымыз үшін үздік атандық және өзгелерден үйренгеміз де көп болды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу