Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 21%-ға дейін көтерді. Тіпті кейбір банктерде ипотекалық несиенің мөлшерлемесі 43 пайызға жеткен.
Осылайша орталық банк базалық мөлшерлемені бір жылда бес рет көтерді. Депозиттер, тұтыну несиелері ипотека бойынша пайыздық ставканы ұлғайту арқылы ұлттық валютаның бағамын күшейтпек.
Константин Апрелев, сарапшы:
Базалық мөлшерлеме көтерілген соң барлығы қымбаттайды. Санкцияға байланысты құрылыс материалдары, жұмыс күші, қызмет ақысы, барлығының құны өсіп, бұл да баға саясатына кері әсер етіп жатыр. Отбасылық ипотекалар да тиімсіз.
Соңғы жарты жылда ипотекаға сұраныс бірден 50 пайызға төмендеген. Экономистердің айтуынша, Ресейдің ірі қалаларында бір бөлмелі пәтерді ипотекаға алу үшін ай сайынғы табыс 111 мыңнан 346 мың рубльге дейін болу керек. Яғни айлық 610 мың теңгеден 2 миллион теңгеге жетуі тиіс.
Қымбатшылық санкцияға байланысты деп ойламаймын. Тіпті бәрі ай сайын емес, күн сайын қымбаттап жатыр, етіміз үйреніп кетті.
Мәскеудегі өмір бұрынғыдай емес. Тапқан ақшамыз жетпейді. Еңбек мигранттарының бәрі кетіп жатыр, бәрі қымбат.
Ипотека алу қиындаған соң жалға берілетін үйлердің де бағасы көкке көтерілді. Мәселен Мәскеуде жалға алу құны 200 пайызға дейін қымбаттаған. Бір бөлмелі пәтерді жалға алу 3 миллион теңгеге дейін барады. Ал сарапшылардың айтуынша, жыл соңына дейін Орталық банк базалық мөлшерлемені тағы бір рет көтеруі мүмкін.
Индира Бегайдар