Астанада  балаларға «Мейірім қуаты» мерекесі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада  балаларға «Мейірім қуаты» мерекесі ұйымдастырылды

23.06.2017

«ЭКСПО» көрмесі аясында дамуында ерекшелігі бар балаларға «Мейірім қуаты» атты шығармашылық мереке ұйымдастырылды. Осымен дәстүрлі түрде 10-шы рет өткізіліп отырған шараға 20-дан астам бүлдіршін қатысты. Іс-шара терапевтикалық және эстетикалық сипатта жүргізілді. Балалар арасындағы достықты қалыптастыру мен қоғамға жақындатуға бағытталған мереке кезінде ән-биден бөлек балалар экспо нышандарының суретін салып, сынға түсті. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу