Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Марқакөл, Күршім, Алтай ауданында қалың қар түсіп, қатынас қиындады. Тіпті Риддер қаласындағы шеткі шағын аудандармен қатынас болмай қалды. Коммуналдық мекемелер барлық техниканы жұмылдырғанымен жолдарды ашып үлгермей жатыр.
«Өскемен-Самара-Тарғын», «Теректі-Ұранқай-Төсқайың» бағыттары жабық. Өйткені кейбір аумақтарда қарлы боранның жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Аймақтағы автожолдардың 260 шақырымға жуығын қыста үнемі қар басып қалады. Үздіксіз тазалап тұруға коммуналдық мекемелердің шамасы жетпейді. Сондықтан жеке компаниялардың техникасы тартылып жатыр.
Алмас Қасенов, «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары:
«Қазсервис» күтіп ұстайды. 100 техникасы бар. Қазір келісімшартқа отырып қосымша 19 техника көмек көрсетіледі. Сонымен қатар ШҚО құрылыс мекемелерімен келісімшарттар енгізілді. Қардың жауатын мөлшері көп болған жағдайда жергілікті мекемелер техникамен көмектеседі.
Олжас Керейхан