Тараздағы жылу құбырлары 35 жыл бойы ауыстырылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы жылу құбырлары 35 жыл бойы ауыстырылмаған

07.11.2024

Тараздың жылу желілерін жөндеуге 21 миллиард теңге керек. Өйткені қайта жаңғыртуды қажет ететін құбырлар 35 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал тозу деңгейі 60 пайыздан асады. Әкімдік қаржы аударылып қалар деп Үкіметке үміт артып отыр. Облыс орталығындағы М-3 магистралды құбырының 80% шіріген. Жарамдылық мерзімі 10 жыл бұрын өтіп кеткен. Құрылысына қажетті қаржы 2 миллиард теңгеден асады. Дегенмен билік өкілдері биыл қыстан қиналмай шығамыз деп отыр. Өйткені жылу берілгелі құбырларды 20 күн бойы бақылаған. Ақау анықталмағандықтан тұрғындар тоңбайды деп сендіріп отыр.

Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Кезең-кезеңімен бұл барлық 63 пайыздың барлығын жоюға тырысамыз. Қазіргі таңда 3 жылдық жобамыз бар. Келесі жылға қолдау тапқаны қазіргі таңда 4.9 млрд теңге.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу