Астаналықтарды да кешеден бері соққан қатты жел әбігерге салып жатыр. Екпіндей соққан желден адамдар ұшып кете жаздап жүр. Кейбір ғимараттардың шатыры, қабырғалары мен қоршаулары құлап жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - дейді Төтенше жағдай мамандары.
Сондай-ақ бүгін ауа райының қолайсыздығынан екінші ауысымның да оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Ал «Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін Астанада қар, көктайғақ және боран болады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжап отыр. Осы орайда, қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды
Аида Ахметбек