«Көліктер- 3» фильмі қазақ тіліне аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көліктер- 3» фильмі қазақ тіліне аударылды

15.06.2017

Қазақ тіліне дубляждалған «Көліктер- 3» фильмі көрермендерге жол тартты. Бұл - «Болашақ» қауымдастығы мүшелерінің ана тілімізде сөйлеткен шетелдік 20-сы туындысы. Мультфильмнің алдын ала көрсетіліміне қатысқан қала әкімі Бауыржан Байбектің сөзінше, алты жылдан бері мемлекеттік тілде дубляждалған картиналардың мәдениетімізді дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде рөлі орасан. Жалпы, бұған дейін дубляждалған «Көліктер-2» фильмі де көрермен қауымның көңілінен шыққан еді. Бұл жолы да аудармаға белсене араласқан қазақ актерлерінің шеберлігі жұртты тәнті етті. 

 

Алмат ӘБДІРАМАН 

Хабарламаларға жазылу