Маңғыстауда 700-дей науқас жәрдемақыдан айырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 700-дей науқас жәрдемақыдан айырылған

06.11.2024

Маңғыстауда қатерлі дертпен ауыратын 700-ге жуық науқас мүгедектік пен жәрдемақыдан айрылған. Өйткені емдеуші дәрігерлер науқастарды тіркелген жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Ал заң бойынша 3-ші, 4-ші санаттағы «Д» есебінде тұрған, онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын науқастар міндетті түрде аталған сараптамадан өтуі тиіс. Сол арқылы оларға мүгедектік, әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да жеңілдіктер тағайындалады. Заң бұзушылықтар анықталғаннан кейін ғана, денсаулық сақтау басқармасы науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібере бастаған.

Ғани Боранбаев, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

Талдау нәтижесінде осы санаттағы өңіріміздегі барлығы 1704 науқас тіркелген екен. Алайда олардың ішінде 661 науқас медициналық әлеуметтік сараптамаға уақытылы жіберілмеді. Бұл өте үлкен қателік. Бұл бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі таңда бұл бұзушылық жойылды деп айтсақ болады.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу