Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына барды. Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатыспақ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Қазақстан Президентін Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды. Әрі қарай Мемлекет басшысы «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Айта кетейік, түркі мемлекеттері ұйымының саммиті «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.
Аида Ахметбек