Ақмола облысында науқастарды есепке қоймаған 14 маман жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында науқастарды есепке қоймаған 14 маман жазаланды

05.11.2024

Ақмола облысында қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды мүгедектігі бойынша есепке қоймаған медициналық ұйымдардың жетекшілері түгел жазаланды. 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар жүзден астам адамды арнайы медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақытылы жібермеген. Салдарынан науқастар жылдар бойы өздеріне тиесілі көмектен қағылған. Прокурорлар мұны тексеріс барысында анықтады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, онкологиямен ауыратын науқастардың жартысына жуығы есепке тұрудан өздері бас тартқан. Бұған жәрдемақының аздығы себеп болыпты. Қазір олардың мүгедектік дәрежесін анықтау бойынша жұмыстар қайта жүргізіліп жатыр.

Камила Әбделманова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Мүгедектікті рәсімдеуден өздері бас тартқан 41 адам бар. Сонымен қатар ауру анықталғаннан кейін бақылау мерзімінің қысқалығы, сол себептен 31 адам тіркелмеген. Сонымен қатар мүгедектікті рәсімдеу көрсеткіштерінің болмауы, медициналық әлеуметтік сараптама рәсімдеу сатысында тұрған жағдайлар бар. Қосымша тексеруден өту қажеттілігінен бас тартқан адамдар бар. 

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу