Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталады

05.11.2024

Декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Алайда, 281 мың жеке тұлға декларация тапсырмаған. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл азаматтарға ескерту хабарламасын жолдап, қосымша 30 күн уақыт берген. Соның өзінде 281 мың салық төлеушінің тек 10 пайызы ғана декларация тапсырған. Есеп бермеген азаматтарға қандай шара қолданылады? Ресми орган өкілін тыңдайық.

Ерсайын Көптілеуұлы, Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы:

Дара кәсіпкер ретінде тіркелген, яғни сала агенті болып табылатын азаматтардың 30 жұмыс күні ішінде орындамаған жағдайда, ол кісілердің есепшоттары бұғатталады. Бұл жеке тұлғаларға қатысты емес, бұл дара кәсіпкер ретінде тіркелген, яғни сала агенті болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты. Декларация ұсынбаған жеке тұлғалар, әрине декларация нөлдік есеппен кетеді.

Еске салсақ, активтер мен міндеттемелер туралы 250 нысанды декларацияны жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, заңды тұлға басшылары, құрылтайшылары мен қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды. Бұл талап жұмыс істемейтін және уақытша тоқтаған бизнес өкілдеріне да қатысты. Декларацияны салық төлеушінің кабинеті, «eGov.kz» порталы, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыра аласыз. Қолды цифрлық қолтаңба немесе SMS пароль арқылы қоюға болады. Келер жылдан бастап кәмелет жасына толған барлық азамат 270 нысанды кірістер мен мүлік туралы декларациядан өтеді.


Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу