Мүлік салығын уақытылы төлемеген азаматтарға қандай шара қолданылады?

26.11.2021

Мүлік салығын төлеу мерзімі биыл қазанда аяқталғанына қарамастан, халықтың қарызы көп. Тұрғындардың жылжымайтын мүлік салығына берешегі 3 млрд теңгеден асқан. Төлеу мерзімі аяқталған соң, салық органдары борышкерлерге хабарлама жіберген. Қарыз сонда да өтелмеген жағдайда, ол жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі. орышкердің есеп шоттары бұғатталады. Мамандар қарыздан бөлек, олардың тағы 25%-ке дейін ақша өндіріп алатынын ескертеді. Кірістер комитетінің хабарлауынша, мүлік салығын өтемеген 756 мың борышкер бар. Ал жер салығына 159 мың азамат қарыз. Әсіресе Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу