Ақмола облысында онкологиямен ауыратын жүзден астам адам жылдар бойы мүгедектігі бойынша есепке қойылмай келген. Мұны облыстық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Мәселен, Көкшетау қаласының тұрғыны екі жылдан бері қатерлі ісікпен ауырса да, дәрігері оны арнайы медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.
Салдарынан науқас өзіне тиесілі көмектен қағылған. Тексеріс нәтижесінде медициналық ұйымдардың басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір онкологиямен ауыратын науқастардың мүгедектік дәрежесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева