Алматыда Ұлттық кітапхана мен Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен халықаралық әдеби биеннале басталды.
«Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты мәдени шара «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатыр. Оған әлемдегі әдебиет саласы бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, 20-дан астам елдің ғылым және мәдениет қайраткерлері, жалпы 40-тан астам шетелдік қонақ қатысуда. 3 күндік шарада түрлі дөңгелек үстелдер мен кітап-экспозициялық және фотокөрмелер, арнайы экскурсиялық бағдарламалар, жазушылармен кездесулер болады. Ал, әлемге танымал белгілі жазушылар биеннале қорытындысы бойынша Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үндеу жариялайды.
Амангелді СЕЙТХАН