Павлодар облыстық балалар психоневрологиялық орталығының қызметкерлері сырқат жеткіншектерді ұрып соққан. Қылмыстық іс қозғалып, олар бірден жұмыстан шеттетілді. Орталықта 60 бала тәрбиеленіп келген, мамандардың оларға бұған дейінде зәбір көрсеткені бейнебақылау камераларынан анықталды. Осы оқиғадан кейін өңірдегі әлеуметтік көмек көрсететін және ата-анасы жоқ балалар тұратын барлық мемлекеттік мекемелерде прокурорлық тексеріс басталды.
Асхат Әтікеев, Облыс прокурорының аға көмекшісі:
Осы орталықта психоневрологиялық жағынан мүгедектігі бар балалар орналасқан. Бұған дейін 2020 жылы осы орталықта мүгедек балаларға қатыгездікпен қараудың 17 фактісін анықтадық. Алайда қазіргі таңда жағдай өзгермеген.
Болат Аманбаев