Францияның Канн қаласында Қазақстанның ұлттық кинопавильоны ашылды. Бұл отандық киноиндустрия мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді. Әрі мамандардың тәжірибе алмасуына, келіссөздер өткізуіне жағдай жасамақ. Канндағы Қазақстанның Ұлттық кинопавильонында 700-ден астам адамға отандық мамандардың жобалары ұсынылды.