Ақмола облысында ауыз су тарифін негізсіз өсірген компанияға тосқауыл қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ауыз су тарифін негізсіз өсірген компанияға тосқауыл қойылды

29.10.2024

Ақмола облысының Атбасар ауданында монополист компания ауыз су тарифін негізсіз өсірген. Кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін тиісті төлемдерді заңсыз есепке қосып, бағаны көтерген. Мұны аудандық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Нәтижесінде заңды тұлғалар үшін төлемақы 18 пайызға төмендеді. Бюджеттік ұйымдар үшін де бір гигакалорияның құны 20 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін арзандады. Осылайша жергілікті тұтынушылар мен 424 заңды тұлғаның құқығы қорғалды.

Шерхан Сабырбек, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Атбасар аудандық прокуратурасымен «Атбасар су» кәсіпорнының қызметінде тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуы анықталды. Осылайша қадағалау актісінің нәтижесінде екі айдың тарифі төмендетіліп, монополист кәсіпорынның заңсыз жұмысына тосқауыл қойылды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу